03 қазан – ұстаздарға құрмет көрсетілген айшықты күн. Осы күні мектебімізде 11-сынып түлектерінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Шәкірт жүрегіндегі шырақ» аття мерекелік кеш өтті.✨
Бұл кеш – ұстаздарға деген шынайы алғыс пен ыстық ықыластың мерекесі болды. Шәкірттер жүрегінен шыққан әуезді әндер, әсерлі билер, жүрекжарды жырлар мен тілектер ұстаздар қауымын қуанышқа бөлеп, толқынысқа бөледі. 🌸
Ұстаз – ұрпақтың бағыт берер шамшырағы, білім мен мейірімнің сарқылмас бұлағы, жүректерге нұр құятын қазына.
Кеш барысында осы сөздің айқын дәлелі көрінді: әр шәкірт өз жүрегіндегі ризашылық пен құрметін өнер арқылы жеткізді.
Бүгінгі мереке – ұстаз еңбегінің ұлылығын тағы да айқындап, жүректерді жылулық пен шаттыққа бөледі. 💐
#adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau
#aktau_tarbyie
#ұстаздаркүні
#шәкіртжүрегіндегішырақ