17.09.2025 ж. АҚБББ “IT мектеп-лицейінде” «Буллингтен қорған», «Достық көпірі» атты «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында алдын алу шарасы өтті.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Психологиялық қолдау орталығының басшысы Абиева Айгүл Абиевна:
«Буллинг – бұл мазақ ету, кемсіту, зорлық-зомбылық көрсету. Ол баланың психологиясына, оқу үлгеріміне, өз-өзіне сенімділігіне үлкен зиян тигізеді» – деп ақпарат берді.
✅ Біз біргеміз – достық пен қолдау әрдайым күштірек!
✅ Әр оқушы қауіпсіз әрі бақытты ортада білім алуға құқылы!
✅ Егер сен буллингке куә болсаң немесе өзіңе қатысты болса – үнсіз қалма! Мұғалімге, әлеуметтік педагогқа немесе сенім телефондарына хабарлас. Республика және облыс көлемінде сенім телефондары қызмет көрсететінін баяндады.
Мақсаты:
• Қарым-қатынас дағдыларын дамыту
• Эмоцияларды басқару
• Қақтығыстарды шешу жолдарын үйрету
Балалар өмірлік жағдаяттарды талқылап, достық пен бірліктің маңызын түсінді.
Қатысқандар: ДТІЖО Ж.Е. Жарылғасова, тәлімгер, психолог, пән мұғалімдері және 10-сынып білім алушылары
#АдалАзамат
#буллингкежолжоқ⛔️
#ДостықКөпірі
#birtutastarbiemangystau