Skip to content

2025 жылдың 22 қыркүйек күні, сағат 18:00-де мектебімізде «Адал азамат…

2025 жылдың 22 қыркүйек күні, сағат 18:00-де мектебімізде
«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

📚 Мақсаты: ата-ана мен мектептің өзара байланысын нығайту, жас ұрпаққа адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын сіңіру, білім беру мекемесінде қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.

📚 Жиналыс барысында ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны, ұстаздың қолдаушы рөлі және мектептің қауіпсіздік бағытындағы шаралары қарастырылды. Өткен оқу жылына сараптама жасалып, жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасына қойылатын талаптар талқыланды.

Білім беру ұйымына енгізілген ДосболLIKE бағдарламасы ата-аналарға таныстырылып, ортақ міндеттер нақтыланды. Жиналыс соңында ата-аналар мен ұстаздар пікір алмасып, балаға қолайлы, қауіпсіз орта құру жолдары жөнінде ұсыныстар айтылды.

#Adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau