Skip to content

23 қыркүйек күні мектебімізде 9–10–11 сынып оқушылары үшін маңызды кездесу…

23 қыркүйек күні мектебімізде 9–10–11 сынып оқушылары үшін маңызды кездесу өтті.

👮‍♂️ Мектеп инспекторы Джумагалиев Жанабай Уразбекович жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, сондай-ақ топтық төбелестің салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

💡 Оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығы жайында құнды ақпарат берілді.

✨ Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, қауіпсіз әрі салауатты орта құру.

#AdalAzamat
#birtutas_tarbie_mangistau