Ақтау қаласы білім бөлімінің “IT мектеп-лицей “ КММ-нің ұстаздары мен ата-аналар арасында “Отбасы және мұғалімдер күніне арналған мерекесіне орай валейболдан жарыс өтті.
2025 жылдың 29 шы қыркүйегінде мектеп спортзалында “Ұстазға алғыс” атты шара ұйымдастырылып, мұғалімдер мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада 6 команда қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан ата-аналарға “Үздік шабуылшы”,”Үздік қорғаушы”,”Үздік ойыншы” номинациялармен марапатталды.
Ұйымдастырылған шарада 39 ата-ана қамтылды.
Жарыс қорытындысы бойынша I орын – “Жарас” командасы
II орын – “Мәди” командасы
III орын – “IT жастары ”
Ұйымдастырылған шараға белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс айта отырып, әріптестерімізге сәттілік тілейміз.
#adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau
#aktau_tarbie
#волейболжарысы
#ұстаздаркүні
#отбасыкүні