Skip to content

✅Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы өткізілді ✅2026 жылдың 05…

✅Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы өткізілді

✅2026 жылдың 05 мамыр күні 5–7 сынып оқушыларына ұйымдастырылған бұл жиында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы өткізілді. Шара барысында оқушыларға ҚПБ ҚҚБ УПИ аға майоры Алдабергенов Нұрбол құқықбұзушылықтың мәні, оның түрлері және салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
✅Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың салдары айтылып, әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, дұрыс шешім қабылдау, жаман әдеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді.

Өткізілген түсіндірме жұмысы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
#bilimkzo
#mektep233