Білім нәрімен сусындатып, ұрпаққа тағылымды тәрбие, асыл өнеге сыйлап жүрген ардақты ұстаздарымыздың құрметіне мектебіміздің алтын ұя түлектері – 11-сынып оқушылары ерекше ықыласпен мерекелік құттықтау сәтін ұйымдастырды.
Жас түлектердің жүрек жарды тілектері мен ыстық ықыласы ұстаздарға арналған алғыс пен ризашылықтың айғағы болды. Бұл сәт – шәкірт пен ұстаз арасындағы іңкәрлік пен ізеттіліктің, сыйластық пен құрметтің жарқын көрінісін паш етті.
Ардақты ұстаздар! 🌷
Өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болып, еңбектеріңіздің игілігін көре беріңіздер. Шәкірт жүрегіндегі алғыс ешқашан сөнбесін!
#ұстаздаркүні
#adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau
#aktau_tarbyie