Құрметті ұстаздар!🌹
Сіздер – адамзаттың шамшырағы, ұрпаққа өнеге, білім мен парасаттың қайнар көзісіздер. «Ұстазға тағзым» күні – сіздердің еңбектеріңізді қадірлеп, рухани биіктігіңізге тағзым ететін ерекше мереке✨.
Ұстаз – шәкірттің жүрегіне нұр құйып, ізгілікке бастайтын тұлға. Сіздердің әрбір сөзіңіз, әрбір тәліміңіз – болашаққа жол ашатын жарық сәуле.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің биік белестерге жетуі – сіздер үшін ең үлкен сый, ең үлкен марапат🎓.
Ұстазға тағзым – адамзатқа тағзым!
#ұстаздаркүні
#adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau
#aktau_tarbyie