Мектебімізде жаратылыстану пәндеріне арналған «Үш ғылым – бір әлем» атты апталықтың ашылуы өтті. Бұл апталықтың басты мақсаты – оқушылардың биология, химия және география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Мақсаты:
Жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың білімін тереңдету, ғылымға деген ынтасын арттыру және шығармашылық ізденіске бағыттау.
Міндеттері:
– Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
– Логикалық ойлау, талдау және зерттеу дағдыларын дамыту.
– Ғылыми жобалар мен тәжірибелік жұмыстарға баулу.
– Табиғатқа деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
#bilimkzo
#mektep233

KZ
