“Сапалы білім – зерттеуші ұстаздан” педагог-шебер, педагог-зерттеушілер онкүндігінің ашылу салтанатты жиыны өтті.
Мақсаты:
– Педагог-шебер, педагог -зерттеушілердің еңбектерін насихаттау;
– Ғылыми -әдістемелік ізденістермен бөлісу;
– Инновациялық тәжірибені таратуға ықпал ету;
– Жас ұстаздарды зерттеушілік қызметке ынталандыру.
–
Мектебімізде 1 педагог-шебер,21 педагог -зерттеуші жұмыс жасайды.
Онкүндік аясында ашық сабақтар,шеберлік сыныптар,семинар,коучинг,интеллектуалдық ойындар,әдістемелік талқылаулар өткізіледі.
Бұл онкүндік – ұстаздар қауымының тек білім беруші ғана емес,сонымен қатар шебер,зерттеуші,жаңашыл,үнемі даму мен ізденіс үстіндегі тұлға ретінде дәлелдейтін маңызды алаң.
Осы онкүндік аясында тың идеялар ,жаңа жобалар мен тәжірибелер алмасу арқылы білім беру саласына серпін берер нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенеміз.
Ұстаздар ізденістеріңіз табысты,еңбектеріңіз жемісті болсын!
KZ