Skip to content

🔥Су және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары ✍️Құрметті оқушылар! Сіздердің…

🔥Су және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары

✍️Құрметті оқушылар!
Сіздердің өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғау мақсатында су және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өте маңызды. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі талаптарды қатаң ұстануларыңызды сұраймыз.
✍️Су қауіпсіздігі ережелері:
Рұқсат етілмеген және белгісіз су айдындарында шомылуға болмайды;
Тереңдігі белгісіз жерлерге секірмеу қажет;
Жалғыз өзіңіз суға түспеңіз, үлкендердің бақылауымен ғана шомылыңыз;
Су ішінде бір-біріңізді итеруге, қалжыңдап батыруға болмайды;
Қайық, катамаран сияқты құралдарды тек қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып пайдаланыңыз;
Су маңында жүгіріп ойнау қауіпті екенін есте сақтаңыз.
🔥Өрт қауіпсіздігі ережелері:
Сіріңке, оттық сияқты заттармен ойнауға қатаң тыйым салынады;
Электр құралдарын рұқсатсыз пайдаланбаңыз;
Үйде жалғыз қалғанда газ плитасын, пешті қоспаңыз;
Өрт шыққан жағдайда дереу үлкендерге хабарлаңыз және «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз;
Өрт кезінде лифтті пайдаланбаңыз, тез арада қауіпсіз жерге шығыңыз;
Түтін болған жағдайда еңкейіп немесе еңбектеп қозғалу керек.
Қорытынды:
Қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір оқушының міндеті. Өз өміріңізге жауапкершілікпен қарап, төтенше жағдайлардың алдын алуға тырысыңыз.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimkzo