Skip to content

СЫНЫП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ 2025–2026 оқу жылының алғашқы ата-аналар…

СЫНЫП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ

2025–2026 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы мектептің барлық сыныптарында ұйымдастырылды.
«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

Мақсаты:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.

Күн тәртібі:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы.
2. Сынып ата-аналары комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
4. Сыныптың ағымдағы мәселелері.

#АдалАзамат
#АтаАнаМектепБірлігі
#ТәрбиеліҰрпақ